Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 12 Nov 2016 08:47:11 GMT )
Қар 12, 2016 14:47 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері Иран халқының АҚШ-та билікке келетін ешбір үкіметтің саясаттарына сенбейтінін қуаттады.

Теһран жұма намазының құтагері аятолла Ахмад Хатами АҚШ-тың президенттік сайлау нәтижелерінің осы елдің аймақтағы халықтарға қатысты зорлықшыл саясаттарын өзгертпейтінін баяндап: "Иран халқы ешқашанда осы елдің билік басына келген үкіметтерінің талаптарының алдында тізе бүкпейді" деді.

Теһран жұма намазының имамы АҚШ-тың сайланған президентіне Иранға қарсы қоқан-лоққы саясаттарын ұстанудың салдарлары туралы ескертіп, Ислам Республикасының осы саясаттарға қарсы тұратынын мәлімдеді.  

Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ президенттік сайлауы үміткерлерінің сөздеріне сілтеме жасап, бұл елдің қарызға батқандықтан банкротқа ұшырау қарсаңында тұрғанын айтып: "Американы тұрақсыздық жайлап отыр. Жылына көптеген адамдар, әсіресе, қара нәсілділер қатыгездіктің құрбаны болып жатыр" деді.

Теһран жұма намазының құтпагері сонымен қатар Ирак әскері мен халықтық күштерінің Мосулды ДАИШ-тан тазарту амалдарындағы жетістіктеріне тоқталып: "Ирак әскері осы амалдарда ешбір елдің көмегін қажет етпейді. АҚШ пен аймақтағы кейбір елдер еш себепсіз Мосулге күштерін жіберіп жатыр" деді.

Аятолла Хатами Мосулдың Иракқа тиесілі екенін және ешбір елдің оны өзінің мүддесі үшін пайдалана алмайтынын қуаттады.