Эксперттер Мәжілісінің Теһран округі бойынша сайлаудың қорытынды нәтижелері жарияланды
Діни жетекшінің Эксперттер Мәжілісінің 5-ші шақырылымының Теһран округі бойынша сайлаудың қорытынды нәтижелері жарияланды.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Ішкі істер министрлігінің сайлау орталығы бүгін, дүйсенбі күні діни жетекшінің Эксперттер Мәжілісінің 5-ші шақырылымының Теһран округі бойынша сайлаудың қорытынды нәтижелерін жариялады.
Иран Ішкі істер министрлігінің сайлау орталығы: «Эксперттер Мәжілісінің 5-ші шақырылымының Теһран округі бойынша сайлаудың қорытынды нәтижелері бойынша Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы Акбар Хашеми Рафсанджани, Теһран жұма намазының имамы Мұхаммад Имами және Иранның Президенті Хасан Рухани осы ретпен ең көп дауыстарға ие болды.
Мохсен Қуми, Мұхаммад Әли Мувахеди, Қорбанали Дари Наджаф Абади, Сейед Абу Әл-Фазл Мирмохаммади, Мохаммад Мохаммади Ник (Рей Шахри), Ибрахим Ходж Амини Наджаф Абади, Сейед Мұхаммад Алави, Насролла Шахабади, Мохаммад Әли Тасхири, Мохсен Исмаили, Мохаммад Хасан Зали, Сейед Хашеми Батхои және Ахмад Джаннати Теһран округі бойынша сайлаудан діни жетекшінің Эксперттер Мәжілісіне жол тапты.