Иран Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясының қастандықтарына наразылық білдірді
https://itolqyn.com/news/iran-i1789-Иран_Сыртқы_істер_министрлігі_Сауд_Арабиясының_қастандықтарына_наразылық_білдірді
Иран Сыртқы істер министрлігінің саяси және халықаралық қауіпсіздік істері жөніндегі департаментінің бас директоры Сауд Арабиясының ирандық делегацияға виза бермеуіне наразылық білдірді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 29, 2016 15:21 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясының қастандықтарына наразылық білдірді

Иран Сыртқы істер министрлігінің саяси және халықаралық қауіпсіздік істері жөніндегі департаментінің бас директоры Сауд Арабиясының ирандық делегацияға виза бермеуіне наразылық білдірді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің саяси және халықаралық қауіпсіздік істері жөніндегі департаментінің бас директоры Хамид Баидинежад жексенбі күнгі мәлімдемесінде: «ИИР Сауд Арабиясының заңға қайшы және кемсітушілік таныту әрекетіне, нақты айтқанда Исламдық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің жоғары қайраткерлерінің Джиддада өтетін отырысына қатысу мақсатында сол елге сапар шекпек болған ирандық делегацияға виза бермеуіне қатысты наразылығын тиісті органға мәлімдеді»,- деді.

ИСНА-ның мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің саяси және халықаралық қауіпсіздік істері жөніндегі департаментінің бас директоры: «Джиддада ИИР-ның делегациясының қатысуынсыз қабылданатын барлық шешім заңсыз деп танылады. Сауд Арабиясынан дұрыс саясат ұстанып, Исламдық ынтымақтастық ұйымына жанама мәселенің орнына ислам әлемінің Палестина, лаңкестік, мазхабаралық қайшылықтар және исламдық үмбеттің ортақ мәселелерін шешумен айналысатындай жағдай жасау күтіледі»,- деп баса айтты.

Исламдық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының алдағы Стамбулда өтетін саммитіне құжаттар мен қарарлар жобасын дайындайтын аталмыш ұйымның жоғары қайраткерлерінің отырысы кеше және бүгін Түркияның басшылығымен Джиддада өтіп жатыр.