Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 19 Nov 2016 09:48:45 GMT )
Қар 19, 2016 15:48 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері Хосейннің қырқы-«арбағин» рәсімдерін әлем мұсылмандарының Исламның дұшпандарына қарсы одағы мен табандылығының көрінісі деп атады.

Теһран жұма намазының құтпагері аятолла Мұхаммад Имами Кашани әлемдік үстемшілдік пен сионизмнің Ислам үмбеті арасында алауыздық тудыру мақсатындағы талпыныстарына тоқталып: "Хосейннің қырқы рәсімдеріне түрлі исламдық мазхабтардан миллиондаған мұсылманның қатысуы олардың Исламға қарсы қастандықтардың алдында табандылық көрсетуге деген ерік-жігерін білдіреді" деді.

Теһран жұма намазының құтпагері исламдық құндылықтардың Кербала даласында жүзеге асырылғанын айтып: "Арбағиннің ұлылығы үстемшілдіктің тірегін әлсіретті. Ислам әлемі көрегенділік танытып, АҚШ пен сионистік режимнің қастықтарын тап басып тану арқылы олардың аймақтық елдерге қарсы жоспарларының жүзеге асырылуының алдын алуы керек" деді.

Теһран жұма намазының құтпагері сонымен қатар кейбір аймақтық елдерде, соның ішінде Сирия, Йемен, Ирак пен Ауғанстандағы қантөгістердің жалғасуына қатысты алаңдаушылық білдіріп: "Аймақтың бейкүнә халқының қанының төгілуінің жауапкершілігі АҚШ пен лаңкестікті қолдап отырған елдердің мойнында" деді.

Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ-тың президенттік сайлауы туралы: "Бұл сайлаудың нәтижесінің ИИР үшін ешқандай маңыздылығы жоқ. Себебі ол әлемдік дағдарыстар мен АҚШ халқының қиыншылықтарын шешуге еш әсер етпейді" деді.