Иранда радиодәрі өндіру келісімшартына қол қойылды
ИИР Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Иранда радиодәрі өндіру туралы құны 70 млн евро тұратын келісімшартқа қол қойылғанын хабарлады.
Иран Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехи Бушерде бірнеше шетелдік компаниямен құны 70 млн евро тұратын радиодәрі өндіру келісімшартына қол қойылғанын хабарлап, осы жобаны іске асыру арқылы радиодәрі өндіруге және оның өнімдерін шетелге экспорттауға жағдай жасалатынын қуаттап: «Ядролық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану Иран Атом Қуаты Ұйымының негізгі әрі басты бағдарларының қатарына жатады. Осы мақсатта вакцинация және радиодәрі өндіру біздің ұйымның бағдарламаларын құрап отыр. Отандық мамандардың көмегімен осы негізде айтарлықтай табыстарға қол жеткіздік» деді.
Иранның Атом Қуаты Ұйымының төрағасы сондай-ақ Иранда үш ядролық жедел жәрдемнің құрылысына сілтеме жасап: «Осындай орталықтардың бірі Исфаханда іске қосылды. Бушер мен Арак қалаларында орталықтарды салудың жұмыстары басталды» деді.