Кабулда имам Хосейнге аза тұтушы 50 адам лаңкестік шабуылда шәһид болды
(last modified Tue, 22 Nov 2016 01:48:00 GMT )
Қар 22, 2016 07:48 Asia/Almaty
  • Кабулда имам Хосейнге аза тұтушы 50 адам лаңкестік шабуылда шәһид болды

Ауғанстан астанасы Кабул қаласында имам Хосейнге аза тұтушыларға жасалған лаңкестік шабуылда кемінде 50 адам шәһид болды.

Беліне жарылғыш белбеуін таңған адам дүйсенб күні түсте Кабулдағы «Бағер әл Улум» мешітіне кіріп, өзін халықтың арасында жарып жіберді. Осы лаңкестік шабуылда кемінде 50 адам қаза болып, шамамен 70 кісі жараланды. Жаралы жандардың жағдайы ауыр деп хабарлануда. ДАИШ тәкфирлік лаңкестік тобы өз мәлімдемесінде осы лаңкестік шабуылдың жауапкершілігін өз мойнына алды.