Иран Ислам революциясының жетекшісі Словения Президентін қабылдады
(last modified Wed, 23 Nov 2016 15:49:13 GMT )
Қар 23, 2016 21:49 Asia/Almaty
  • Иран Ислам революциясының жетекшісі Словения Президентін қабылдады

Иран Ислам революциясының жетекшісі аймақтағы ащы әрі жан түршігерлік оқиғалар мен кейбір мемлекеттердің халықтарды тұрақсыздық пен соғысқа душар етіп отырғандығына тоқталып: «ИИР әрқашан тәуелсіз мемлекеттерді халықтарға жасалып жатқан қысымдарға қарсы белсенділік танытуға шақырып, олардан үнсіздік танытпауды, жай көрермен болып қалмауды сұрады»,- деді.

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сейсенбі күні Словения Президенті Борут Пахор мен ол кісімен бірге келген делегацияны қабылдап, Батыс Азия аймағындағы елдердегі қақтығыстар мен ДАИШ сынды лаңкестік топтардың пайда болуын кейбір мемлекеттердің араласушылығының салдары деп атады.

Ислам революциясының жетекшісі америкалықтардың ДАИШ-ке қарсы коалициясының табысқа жетпегені мен  оның себебіне қатысты екі көзқарасқа тоқталып: «Бірінші көзқарас бойынша, АҚШ ДАИШ-ты тамырымен құрту бағдарламасына ие емес. Америкалықтар Үндістан ұлыбританиялықтардың отары болған кезде Кашмирге ерекше ұстаным білдіріп, соның салдарынан шекаралас Үндістан мен Пәкістанның осы күнге дейін қайшылықтармен бетпе-бет келіп отырғаны сынды ДАИШ-ке қатысты да сондай ұстаным білдіріп, бұл мәселе шешілмей, Иракта немесе Сирияда қалатындай  әрекет етуде. Екінші көзқарас бойынша, америкалықтар ДАИШ мәселесін шешкісі келеді, бірақ олардың әрекеттері бұл мәселені шешу үшін жеткіліксіз. Қалай болғанда да екі көзқарастың нәтижесі осы кезге дейін бірдей болды. Бүгінгі күні Ирактың, әсіресе Сирияның жағдайы өте нашар»,- деді.

Аятолла Хаменеи Батыс Азия елдеріндегі тұрақсыздықтың салдарларына, соның ішінде босқындарға қатысты қиындықтарға тоқталып: «Еуропалық мемлекеттер бірнеше мың босқынға пана бере алмаған жағдайда Иран жылдар бойы шамамен үш миллион Ауған халқын паналатып, олардың өмір сүріп, білім алуы үшін жағдай жасап отыр»,- деді.

Иран Ислам революциясының жетекшісі сондай-ақ Иранның ядролық келісімдегі міндеттемелерін толық орындағанына сілтеме жасап, екінші жақтың өз міндеттемелерін орындамағанын сынады.