Ислам революциясының жетекшісі доктор Лариджанидің шәһид болуына көңіл айтты
https://itolqyn.com/news/iran-i83236-Ислам_революциясының_жетекшісі_доктор_Лариджанидің_шәһид_болуына_көңіл_айтты
ParsToday– Ислам революциясының жетекшісі аятолла Сейед Моджтаба Хұсейни Хаменеи Иран Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы доктор Әли Лариджанидің және оның ұлы мен кейбір әріптестерінің шәһид болуына байланысты көңіл айтты.
(last modified 2026-03-19T02:26:45+00:00 )
Нау 19, 2026 07:24 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі доктор Лариджанидің шәһид болуына көңіл айтты

ParsToday– Ислам революциясының жетекшісі аятолла Сейед Моджтаба Хұсейни Хаменеи Иран Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы доктор Әли Лариджанидің және оның ұлы мен кейбір әріптестерінің шәһид болуына байланысты көңіл айтты.

ParsToday хабарлағандай, Ислам революциясының жетекшісінің көңіл айту жолдауының мәтіні:

 

بسم‌الله الرحمن الرحیم

ولاتَحسبَنَّ الّذینَ قُتِلوا فی سبیلِ‌اللهِ اَمواتاً بَل اَحیاءٌ عِندَ رَبِّهِم یُرزَقون

«Алланың жолында шәһид болғандарды әсте өлді деп ойламаңдар, олар әрине тірі. Олар Алланың жанында ризықтанады».

Иран Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы және сондағы  Ислам революциясының жетекшісінің өкілі Әли Лариджани мырзаның, сондай-ақ оның аяулы ұлы және кейбір әріптестерінің шәһид болғаны туралы ауыр жаңалық маған жетті. Ол ғалым, қырағы, ақылды, адал және саяси, әскери, қауіпсіздік, мәдени және басқару салаларында әртүрлі тәжірибесі бар тұлға еді. Исламдық жүйенің әртүрлі салаларында елу жылға жуық рөл атқарғандықтан, ол ерекше тұлғаға айналды.

Мұндай тұлғаны террор ету оның маңыздылығын және ислам жауларының оған қарсылығын көрсетеді. Ислам жаулары білсін: бұл азамттардың қаның исламдық жүйенің мықты ағашының тамырына төгу оны тек мықтырақ етеді. Әрине әр қанның бағасы бар, шәһидтерді өлтірген қаніштер қылмыскерлер жақында оны төлеуі тиіс. Мен шәһид болған бұл үлкен адамның аяулы әйеліне, балаларына және басқа жақындарына, әсіресе аятолла Амоли Лариджани мырзаға шын жүректен көңіл айтамын және Алладан бұл азаматтар үшін дәрежелерін көтеруді сұраймын.

 

Ислам революциясының жетекшісі Сардар Сұлейманидің шәһид болуына көңіл айтты

Сондай-ақ Ислам революциясының жетекшісі  Басидждер ұйымының қолбасшысы Ғоламреза Сүлейманидің шәһид болуына байланысты көңіл айтты.

Ислам революциясының жетекшісінің көңіл айту жолдауының мәтіні:

Басидждер ұйымының қолбасшысы генерал Ғоламреза Сүлейманидің шәһид болуы туралы қайғылы жаңалық үлкен қайғы мен өкінішке себеп болды. Ол ертеден Алла жолындағы күрес майданына белсенді болды және осы жолда көптеген тәжірибе жинады. Бұл күрескер сардарды  террор ету басидждердің үлкен маңыздылығын және жаудың олармен бетпе-бет келуден қорқатынын еске салады.

Мен осы ауыр қайғыны жоғары дәрежелі шәһидтің құрметті отбасына, Ислам революциясы Сақшылар корпусындағы барлық әріптестеріне және барлық басидждерге, олардың ең кішісі өзіме көңіл айтамын, Алла оларға биік мәртебе бергіне үміттімін.

Сейед Моджтаба Хұсейни Хаменеи

26 эсфанд 1404 ж.

17 наурыз 2026 ж.