Генерал-лейтенант Абдоллахи: Трамп Иранның таңғалдыратын оқиғаларын күтсін
https://itolqyn.com/news/iran-i83232-Генерал_лейтенант_Абдоллахи_Трамп_Иранның_таңғалдыратын_оқиғаларын_күтсін
ParsToday- Хатам әл-Анбия (с.ғ.с.) орталық штабының қолбасшысы: «Трамп әзірге өз сөзімен көптеген таңғалдыратын оқиғаларды жариялады және енді біздің таңғалдыратын оқиғаларымызды күтсін» деді.
(last modified 2026-03-18T12:07:28+00:00 )
Нау 18, 2026 17:02 Asia/Almaty
  • Генерал-лейтенант Абдоллахи: Трамп Иранның таңғалдыратын оқиғаларын күтсін

ParsToday- Хатам әл-Анбия (с.ғ.с.) орталық штабының қолбасшысы: «Трамп әзірге өз сөзімен көптеген таңғалдыратын оқиғаларды жариялады және енді біздің таңғалдыратын оқиғаларымызды күтсін» деді.

ParsToday-дің хабарлауынша, Генерал-лейтенант Әли Абдоллахи, Хатам әл-Анбия (с.ғ.с.) орталық штабының қолбасшысы Иран Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Басидж ұйымының төрағасы және «Дена» фрегатының теңізшілерінің шәһид болуына байланысты жеделдеме жолдады.

Бұл жеделдемеде былай делінген: «Иран Қарулы күштері Жаратқанның көмегімен және халқының қолдауымен АҚШ-тың Трамп президентінің жалған мақтанышын талқандады. Бұл дүниенің супер державасы АҚШ-ының азаматтық ерік-жігері мен күшті Қарулы күштер алдында тізе бүккенін мойындауы бірінші рет болып отыр және ол тек әлем елдерінің басшыларының мазағына ғана емес, өз халқы мен ел басшыларының да күлкісіне себеп болады».

Ол «Трамп әзірге өз сөзімен көптеген таңғалдыратын оқиғаларды жариялады және енді біздің таңғалдыратын оқиғаларымызды күтуі керек» деп, сөзін жалғастырды: «Америка мен сионистік режимге өріс жүзінде дәлелденгені – біздің халқымыз жауларының зұлымдығы мен шабуылдарына қарсы тұрады, жау қысымы күшейген сайын халық төзімділігі арта түседі және бұл жау жеңілісінің негізгі себебі. Сондықтан ол әйелдерді, ерлерді, балаларды және халққа қызмет көрсету орталықтарын нысанаға алады, тіпті үш күндік нәрестеге де рақым көрсетпеді».

Генерал-лейтенант Абдоллахи баса айтты: «Мұндай әрекеттер – дүниежүзілік  қанаушы жаудың жеңілісі мен шарасыздығының ең үлкен белгілері».