Діни жетекші: Тәуелсіз елдердің аймақ өзгерістеріндегі рөлін арттыру қажет
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сейсенбі күні Словения Президенті Борут Пахормен кездесуінде: «ИИР әрқашан тәуелсіз мемлекеттерді халықтарға жасалып жатқан қысымдарға қарсы белсенділік танытуға шақырып, олардан үнсіздік танытпауды, жай көрермен болып қалмауды сұрады.
Америкалықтардың ДАИШ-ке қарсы коалициясы табысқа жете алмады. АҚШ ДАИШ-ты тамырымен құрту бағдарламасына ие емес. Америкалықтар ДАИШ-ке қарсы мәселе шешілмей, Иракта немесе Сирияда қалатындай әрекет етуде»,- деді.
АҚШ-тың Еуропадан бастап Батыс Азиядағы, Орталық Азия мен басқа аймиақтардағы саясаттары тыныштық пен қауіпсіздік орнатуға жеткізбеді. Америкалықтардың сөздері мен іс-әрекеттерінің сәйкеспеуі әртүрлі аймақтардағы қиындықтар мен дағдарыстарға себеп болды.
Америкалықтардың Батысқа қатысты ұстанымы еуропалық мемлекеттердің өз мүдделерін АҚШ-ның мақсаттары мен саясаттарымен сәйкестендіруге жеткізіп, дәл осы мәселе еуропалық мемлекеттердің тәуелсіздігіне сұрақ тудырып, бүгін еуропалықтар әртүрлі өзгерістердің алдында тек тамашалаушының рөлін атқаруда. Батыстың мұндай саясаты халықтың наразылықтарына да себеп болып, әртүрлі аймақтардағы дағдарыстарды кеңейтті. Еуропалық тәуелсіз мемлекеттер Сирия, Бахрейн, Йемен және Палестина мәселелерінде сырт көзге лаңкестікпен күресіп, аталмыш елдердің қиындықтарын шешу туралы айтқанымен, іс жүзінде Батыс Азия халықтарының терең мәселелеріне көмектесе алмады. Лаңкестікпен күресу, аймақ халықтарының адам құқығы және демократиялық демократия негіздері сынды мәселелерге екіжүзділік таныту аймақ халықтарының жағдайын қиындатты. Бұл мәселеде еуропалық тәуелсіз елдердің рөлі АҚШ-тан кем болмады.
Мәселен, Батыс әсіресе АҚШ Сирия мәселесін шешуді қуаттайды, бірақ іс жүзінде бұл елдің дағарысын күшейтіп, ДАИШ сынды лаңкестік топтардың пайда болуы үшін жағдай тудырды. Сирияда лаңкестерді «жақсы» және «жаман» деп бөліп, тынышсыздықтардың шекарасын Еуропаның ортасына жеткізді.
Бұдан бұрын АҚШ Ұлыбританиямен бірге Ирактағы химиялық қаруды жоюды сылтауратып, сол елге шабуыл жасады. Бұл соғыстың салдарынан ДАИШ тобы пайда болды. Бұл топ Сирия мен Иракта белсенділік танытуда. Бүгінде АҚШ-тың әртүрлі елдермен, атап айтқанда еуропалық елдермен бірге ДАИШ-ке қарсы саясаты лаңкестік топты жоюға көмектескен жоқ. Деректер АҚШ-тың ДАИШ-ты құрту мақсатына ие емес екендігін көрсетеді.
Еуропалықтардың Йемен мен Бахрейн дағдарысына қатысты саясаттары АҚШ-пен бірдей. Әдемі ұрандарының аясында олардың Сауда Арабиясының Йемен соғысында пайдаланып, бұл елдің жазықсыз халқын қыруы үшін қажет қару-жарақ сатуы мен Халифе режимінің Бахрейн халқын қыру әрекеттерін қолдауы екі елдің қиындықтарын арттырды.