Адмирал Саяри: Халықаралық теңіздердегі құзыр Иранға үрке қараумен күрес мақсатын көздейді
Иран армиясы теңіз күшінің қолбасшысы Иран теңіз күшінің халықаралық теңіздердегі құзырын Иранға үрке қарауды жою және бейбітшілік пен достық үндеуін жолдау мақсатын көздейтінін мәлімдеді.
ИИР армиясы теңіз күшінің қолбасшысы адмирал Хабиболла Саяри бүгін бейсенбі күні ИРНА-ға берген сұхбатында: «Көршілес елдермен байланысты күшейтіп, теңіздегі айбындылық пен әлеуетті көрсету ИИР армиясы теңіз күшінің келесі мақсаттарына жатады» деді.
Адмирал Саяри «Алванд» және «Бушер» кемелерінен құралған 44-ші эскадраның Аден шығанағына қарай бет алғанын мәлімдеп: «Осы эскадраның мақсаты теңіз қарақшыларынан қауіп төніп отырған Иранның коммерциялық және мұнай тасушы кемелерін қауіпсіздікпен қамтамасыз ету болып табылады. Аталмыш эскадра Аден шығанағынан кейін Танзанияның Дар ас-Салам портына қарай қозғалып, содан кейін Оңтүстік Африка мен Тынық мұхитына жетіп, соңында Оңтүстік Африканың Дурбан портын айлақтайтын болады» деді.