Джабери Ансари: Иранға үрке қарау саясаты аймақтағы араб елдеріне көмектеспейді
https://itolqyn.com/news/iran-i1861-Джабери_Ансари_Иранға_үрке_қарау_саясаты_аймақтағы_араб_елдеріне_көмектеспейді
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Иранға үрке қарау саясатын жалғастырудың аймақтағы араб елдеріне еш көмегін тигізбейтінін айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 29, 2016 21:05 Asia/Almaty
  • Джабери Ансари: Иранға үрке қарау саясаты аймақтағы араб елдеріне көмектеспейді

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Иранға үрке қарау саясатын жалғастырудың аймақтағы араб елдеріне еш көмегін тигізбейтінін айтты.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Садық Хосейн Джабери Ансари Араб Одағы бас хатшысының Иранның «алтылық» елдерімен ядролық келісімі жөніндегі мәлімдемесіне берген жауабында: «Иранның ядролық бағдарламасы ұлттық бағдарлама әрі қолда бар мүмкіндіктерді заңды түрде пайдалану болып табылады. Өкінішке орай, кейбір араб елдері Иранға үрке қарау саясатын жалғастырып, ішкі қиыншылықтары мен ішкі мүдделеріне ден қоюдың орнына келіспеушіліктердің күшеюіне соқтыратын саясат ұстанады» деді.

Джабери Ансари араб елдеріне өздерінің ішкі қиыншылықтарын сыртқа шығарудың орнына соларды шешу үшін жоспар құруға кеңес берді.