Мәртебелі жетекшінің зияратшылардың Иракта шәһид болуы мен Иранда болған пойыз апатына байланысты үндеуі
(last modified Sun, 27 Nov 2016 02:39:13 GMT )
Қар 27, 2016 08:39 Asia/Almaty
  • Мәртебелі жетекшінің зияратшылардың Иракта шәһид болуы мен Иранда болған пойыз апатына байланысты үндеуі

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: «Тәкфирлік қылмыскер топтар қорқақтап, кек алу арқылы тағы да өздерінің былғаныш, қара ниетті жүздерін баршаға көрсетті» деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Ирактағы шәһидтердің жетекшісі имам Хосейннің кесенесін зиярат етуші жүздеген адам шәһид болған қайғылы оқиғадан  кейін сенбі күні жариялаған өз үндеуінде: ««Арбағиндегі» ұлы шеру мен Хосейн зияратшыларының теңдессіз қауіпсіздігі олардың көздерін соқыр етіп, былғанышты астыртын әрекеттерін залалсыздандырған тәкфирлік қылмыскер топтар қорқақтап кек алу әрекетіне барып, тағы да өздерінің былғанышты қара ниетті жүздерін баршаға көрсетті.

Нигерия, Пәкістан және Ауғанстан сияқты әлемнің өзге аймақтарындағы лаңкестердің қылмыстарының ащы да жан түршіктерлік хабарлар келіп жатыр. Бұл тәкфирлік ағым мен соларды демеуші үкіметтердің қаупін тағы да барлық мұсылмандар мен жанашырларға құлаққағыс етеді» деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сондай-ақ Ирандағы пойыз апатындағы бір топ жолаушы мен хазірет имам Резаны зиярат етушілердің қазасына байланысты Алладан оларға рақым мен жарылқау және зардап шеккендерге шипа тілеп: «Ирандық басшылар мен басқа елдердің басшылары осы ауыртпалы оқиғаларға селқостық танытпай, жаралы жандарды емдеуге және қаза болғандарды жеткізуге, сонымен қатар қаралы отбасылардың қайғыларын жеңілдетуге барынша талпыныс жасасын» деді.