Иран армиясының теңіз күштері Парсы Шығанағы мен Каспий теңізін қауіпсіздікпен қамтамасыз етіп отыр
ИИР армиясы теңіз күшінің солтүстік флоты мен төртінші аймағының қолбасшысы Каспий мен Оман теңіздері және Парсы Шығанағында Иран армиясы теңіз күшінің қауіпсіздік орнатып отырғанын мәлімдеді.
Иран армиясы теңіз күшінің солтүстік флоты мен төртінші аймағының қолбасшысы адмирал Афшин Резаи Хаддад Иранның солтүстігіндегі Анзали қаласында ИРНА- ға берген сұхбатында: «Иран армиясының теңіз күші теңіз қарақшыларына тосқауыл қою сияқты миссияларды атқару арқылы ирандық кемелер мен теңізде әскери әлеуеті жоқ өзге кемелердің сауда- саттық байланыстары үшін теңізде қауіпсіздік орнатады» деді.
Адмирал Резаи Хаддад сондай-ақ Каспий теңізін аймақтағы стратегиялық және күрделі теңіз деп атап: «Каспий теңізінің жағалауындағы елдер осы теңізде бейбітшілік пен достық ұранын күшейту шеңберінде талпыныс жасайды. Қазвин темір жолының Астараға қосылуы да осы теңіздің стратегиялық маңызының артуына себеп болады.
Иран армиясы теңіз күшінің төртінші аймағы Каспий теңізінің жағалауындағы елдерге түрлі эскадралар аттандырып, көрші елдердің де эскадраларын қабылдады» деді.
27- ші қараша басқыншылық соғыс кезінде «Баас» дұшпанына «Пейкан» зымыран атқыш шағын кемесі қызметкерлерінің ерлік көрсеткен күні Иран армиясы Теңіз күштерінің күні деп аталған.