Теһран жұма намазының құтпалары
https://itolqyn.com/news/iran-i19075
Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ-тың Өкілдер және Сенат палаталарында Иранға қарсы санкцияларды ұзарту жобасының бекітілуін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын әшкере түрде бұзу деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 03, 2016 15:26 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ-тың Өкілдер және Сенат палаталарында Иранға қарсы санкцияларды ұзарту жобасының бекітілуін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын әшкере түрде бұзу деп атады.

Аятолла Мұхаммадәли Моваххеди Кермани Теһран жұма намазының осы аптадағы құтпаларында: «АҚШ-тың Өкілдер және Сенат палаталарында Иранға қарсы санкцияларды 10 жылға ұзарту жобасының бекітілуі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын әшкере түрде бұзу болып табылады. Иранның бұған қатысты қатаң реакция білдіретіндігі анық.

Бұл санкциялар қарсы тараптың міндеттемелерді бұзып, АҚШ-тың сенімсіздік тудырып, қылмыс жасап, уәде бұзып отырғанын көрсетеді»,-деді.

Моваххеди Кермани АҚШ-тан дұшпандықтан басқа ештеңе күтілмейтінін айтып: «Иран АҚШ-тың уәдеге тұрақсыздығы мен өтірік айтуынан жалықты. Сондықтан оның шараларына қатаң түрде қарсы тұрады»,-деп баса айтты.

Ол кісі сөзінің жалғасында Сауд Арабиясының Мина оқиғасындағы қылмыстарының ұмытылмайтынын айтып: «Мина апаты мен саудиялықтардың қылмыстары әртүрлі қырынан қарастырылып, Сауд әулетінің қажылық рәсімдерін басқарудағы біліксіздігі жария етілуі тиіс»,-деп қуаттады. 

Теһран жұма намазының құтпагері сондай-ақ, Ирак пен Сирия армиялары мен халықтық күштерінің ДАИШ лаңкестік тобымен күрестегі жетістіктеріне тоқталып: «Бұл сәттіліктер  жапа шеккен жазықсыз халықтың осы лаңкестік топтың қолынан азат етілуіне себеп болды»,-деді.