Адмирал Сайяри: Иранның Теңіз күштері аймақ пен трансаймақтық қозғалыстардың барлығын бақылап отыр
(last modified Sat, 03 Dec 2016 09:44:05 GMT )
Жел 03, 2016 15:44 Asia/Almaty
  • Адмирал Сайяри: Иранның Теңіз күштері аймақ пен трансаймақтық қозғалыстардың барлығын бақылап отыр

Иран армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы Армия Теңіз күштерінің Ислам революциясы Сақшылар корпусының Теңіз күштерімен бірге аймақ пен трансаймақтық елдердегі қозғалыстардың барлығын бақылап отырғанын мәлімдеді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран армиясы Теңіз күштерінің  қолбасшысы адмирал Хабибулла Сайяри Теһран жұма намазының құтпаларынан бұрын сөйлеген сөзінде: «Иран армиясының Теңіз күштері Ислам революциясы Сақшылар корпусының Теңіз күштерімен бірге Парсы шығанағы,  Ормұз бұғазы, Оман теңізі мен Үнді мұхитындағы барлық қозғалыстарды бақылап отыр және бірде-бір кемеге ИИР-ның шекарасына жақындауға рұқсат бермейді.

Иран армиясының кемелері өзінің күш-қабілетін көрсету үшін Оңтүстік-шығыс Азия елдері мен Қытайдың оңтүстік  теңізінде, Тынық мұхиты мен Қытайдың айлақтарында, батыста Қызыл теңіз бен Жерорта теңізі және оның айналасындағы елдер мен оңтүстікте Үнді мұхитында қызмет атқаруда»,-деді.