Иранның батыс шекараларында бір лаңкестік топтың көзі жойылды
Жел 07, 2016 20:48 Asia/Almaty
Иранның Ішкі істер министрінің қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп бойынша орынбасары Хосейн Золфағари Иран шекараларындағы қауіпсіздік тақырыбында өткен ақпарат отырысында тілшілерге елдің батыс шекараларынан Иранға кірмек болған үш кісіден құралған бір лаңкестік топтың қауіпсіздік күштері тарапынан анықталып, көзі жойылғанын айтты.
Хосейн Золфағари сондай-ақ биылғы Хосейннің қырқы-«арбағин» рәсімі кезінде 20 лаңкестік топтың анықталғанына сілтеме жасап, «арбағин» рәсімі кезінде лаңкестік амалдар жасауға жабдықталған ДАИШ тәкфирлік тобына қарасты осы лаңкестік топтардың ирактық күштердің қырағылығымен анықталып, ұсталғанын хабарлады.
Тегтер