Лариджани: Иранда өткен сайлаулар өзге елдер үшін үлгі болып табылады
(last modified Tue, 01 Mar 2016 16:27:46 GMT )
Нау 01, 2016 22:27 Asia/Almaty
  • Лариджани: Иранда өткен сайлаулар өзге елдер үшін үлгі болып табылады

Иран Сот билігінің адам құқығы штабының хатшысы Ислам республикасындағы жуықта өткен сайлауларды өзге елдер үшін үлгі және Ирандағы демократиялық үдеріс үшін үлкен жеңіс деп атады.

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі отырысына қатысу үшін Женевада сапармен жүрген Иран Сот билігінің адам құқығы штабының хатшысы Мұхаммад Джавад Лариджани CNN арнасына берген сұхбатында: «26- шы ақпан күні өткен Ирандағы Ислам кеңесі мәжілісі мен Эксперттер мәжілісінің сайлаулары исламдық парасаттылықты мойындау бойынша демократиялық қоғам мен саяси жүйе құру жолында Иран халқы үшін келесі бір үлкен тәжірибе болып табылады» деді.

Лариджани жұма күнгі Ислам кеңесі мәжілісі мен Эксперттер мәжілісінің сайлауларына қатысты Ираннан тысқары ұстанылған тұрғыларға тоқталып: «Осы сайлаулардан кейін Иран президентінің мықтырақ болатындығы даусыз» деді.

Иран Сот билігінің адам құқығы штабының хатшысы сондай- ақ Ирандағы өлім жазасына қатысты айтқан сөзінде: «Өлім жазасының 90 пайызы есірткі заттарға қатысты қылмыстарға байланысты орын алады, алайда есірткі заттар контрабандасына қатысты заңдарды өзгертуге талпыныс жасалады» деді.