Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің намаз конгресіне жолдауы
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі 25-ші намаз конгресіне жолдауында намаз орындаудағы бұқаралық жауапкершілікке тоқталып: «Талпыныс жасап, еңбек ету арқылы намазды өзіне лайық мәртебеде танып, таныстыруымыз керек және жеке ғамалдарымызды да соған үйлестіріп жоғарылатуымыз керек» деді.
Бүгін, бейсенбі күні таңертең Алборз облысындағы рухани жетекшінің өкілі әрі Карадж қаласының жамағат имамы худжатул ислам ва ал-муслимин Хосейни Хамадани оқыған Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеидің жолдауында: «Намаз үмбеттің барлық мүшелеріне қарай ашылған есік болып табылады. Сол арқылы тура жолға түсіп, Алланың рақымына бөленуге және тұрмыс- тіршілікті қайыр мен берекеге толы дұрыс жолға қоюға болады.
Әр кісінің рухани денсаулығы намазға байланысты. Әрбір қоғамның тура жолға түсуі мен таза әрі кіршіксіз өмірі тек намазға жығылу аоқылы ғана жүзеге асады. Кітап пен сүннетте намаз оқуды қуаттаудың мұсылман адам мен қоғам үшін рақымшылық есігінің ашық тұруынан басқа мақсаты жоқ.
Басшылар, рухани қайраткерлер, дін үйретушілер мен уағызшылар және халықтың барлық топтары намазды орындау жауапкершілігіне серіктес» деп жазылған.