Иран армиясының "Мұхаммед – Алланың елшісі- 4" атты жаттығуы өтті
ИИР армиясы құрлық күшінің "Мұхаммед – Алланың елшісі- 4" атты жаттығуының екінші күні Иранның оңтүстік-шығысындағы Макран жағалауларында өтті.
Осы кезеңде ислам республикасы армиясы әуе күшінің екі бомбалаушы қырғи ұшағы жаттығу аймағында болып, әуеден қаруларды қолдану арқылы жауға тойтарыс беру шараларын тұңғыш рет жаттығудан өткізді.
Оман теңізі мен Макран жағалауларында әуе күшінің екі тікұшағы тарапынан дұшпанның бірнеше қайығының көзін жою Иран армиясының үш күндік жаттығуының екінші күнінің бағдарламаларының қатарында болды.
ИИР армиясы құрлық күшінің "Мұхаммед – Алланың елшісі- 4" атты үлкен жаттығуы 11 желтоқсан жексенбі күні "Аймақ қауіпсіздігі мен баянды бейбітшілік қорғаныстық айбындылық пен ислам бірлігінің саясында" деген ұранды нығайту және баяндаумен Иранның оңтүстік- шығысында стратегиялық аймақта басталып, үш күнге созылады.