Шіл 01, 2024 17:34 Asia/Almaty
  • Азиялық НАТО - Американың соғыс пен қару сатудағы айласы

Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде АҚШ, Жапония және Оңтүстік Кореяның Азияда әскери одақ құру талпыныстарына сілтеме жасап, олардың әрекетін аймақтың тұрақтылығына қауіп төндіреді деп сипаттады.

 

Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяның Чеджу аралының оңтүстігінде бейсенбіден сенбіге дейін өткен АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапонияның «Бостандық шеті» деп аталатын үш жақты жаттығуларын айыптап: «Осы 3 елдің қарым-қатынасы НАТО-ның толыққанды және азиялық нұсқасының пішіні мен бейнесін алды»,- деді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік Корея Сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастарының әрекетінің аймаққа қауіп төндіретініне тоқталып: «АҚШ пен оның одақтастарының басшылығымен аймақтағы әскери блоктың күшеюі назардан тыс қалмайды және аймақ тыныштығын  шешуші жауаппен  қорғайды»,- деп қосты.

Бұған дейінҚытай орталық әскери комиссиясындағы Біріккен штаб бастығының орынбасары Американы аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылық үшін ең үлкен сынақ деп атап: «Вашингтон аймақтағы гегемониясын сақтау үшін Азия-Тынық мұхиты аймағында Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының (НАТО) нұсқасын құруға ұмтылуда»,- деді.

Тегтер