Газа секторына қатысты жаһандық алаңдаушылық; Гутерриш соғысты тоқтатуға шақырды
(last modified Sun, 18 May 2025 11:47:49 GMT )
Maм 18, 2025 17:47 Asia/Almaty
  • Газа секторына қатысты жаһандық алаңдаушылық; Гутерриш соғысты тоқтатуға шақырды

ParsToday - БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Газа секторы халқының қоныс аударуына қарсылық білдіре отырып, Палестина халқын ұжымдық жазалауды ақтауға болмайтынын айтты.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш сенбі күні Бағдадта Араб Лигасының саммитінде сөйлеген сөзінде: «Палестина халқының ұжымдық жазалануын ақтайтын ешнәрсе жоқ» деді.

Гутерриш: «Газа секторындағы соғыс тоқтап, израильдік тұтқындар босатылуы керек. Біз Газа секторы халқының мәжбүрлі қоныс аударуын қабылдамаймыз және Израильдің аймақтағы операцияларының кеңеюіне алаңдаймыз»,- деп мәлімдеді.

БҰҰ Бас хатшысы: «Израильдің қалашық құрылысын жалғастыруы заңсыз және қабылданбайды» деп баса айтты.

Кеше, сенбі күні таңертең Бағдадта 34-ші араб саммиті басталды.

Ирак үкіметінің баспасөз хатшысы Бассем әл-Авади саммиттің егжей-тегжейлері туралы бұған дейін айтқан болатын: «Бағдад саммитіне барлық араб елдерінің өкілдері мен Араб Лигасының Бас хатшысы, Парсы шығанағы Ынтымақтастық Кеңесінің Бас хатшысы, Еуропалық Одақтың Бас хатшысы, Африка Одағының Бас хатшысы, Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы, Испания Премьер-Министрі қатысады».