Пезешкиан: ШЫҰ-да бірлескен қаржы институтын құру – негізгі қажеттілік
(last modified Mon, 19 May 2025 15:14:57 GMT )
Maм 19, 2025 21:14 Asia/Almaty
  • Пезешкиан: ШЫҰ-да бірлескен қаржы институтын құру – негізгі қажеттілік

ParsToday – ИИР Президенті Шанхай Ынтымақтастық ұйымы аясында ортақ қаржы ұйымын құруды негізгі қажеттілік деп санады.

Теһран диалог форумы аясында жексенбі күні Иран Президенті Масуд Пезешкиан Катардың Премьер-министрі және сыртқы істер министрі, Оман, Тәжікстан, Ауғанстан сыртқы істер министрлері, Арменияның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы, Күрдістан аймағының президенті және Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысымен жеке кездесіп, аймақтық, халықаралық және әртүрлі екіжақты мәселелерді талқылады. ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен кездесуінде Пезешкиан Қытайдың ұйымға ауыспалы төрағалық етуін ШЫҰ нақты мақсаттарына жету үшін стратегиялық шешімдер қабылдаудың құнды мүмкіндігі деп санап, оның қазіргі құрылымын салтанатты құрылымнан атқарушы және жедел емес құрылымға айналдыру қажеттігін баса айтты.

Иран Президенті Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясында ортақ қаржы мекемесінің құрылуын негізгі қажеттілік деп атап: «Мұндай механизм мүше елдердің ортақ жоспарлары мен бағдарламаларын ілгерілету үшін тиімді қолдау көрсетіп, мүше елдердің саяси, экономикалық, мәдени және ғылыми қарым-қатынастары үшін тиімді және практикалық түрде қажетті платформаны қамтамасыз ете алады»,-деді.

Пезешкиан сондай-ақ ШЫҰ құрылымының жаңа мүшелерді қабылдау арқылы кеңеюін оның мақсаттарына жету жолындағы маңызды қадам деп бағалап: «Бұл үдеріс ұйымның рөлін күшейтумен бірге Американың біржақты саясаттарының да әлсіреуіне себеп болады» деді.

Чжан Мин де осы отырыста ИИР-ның ШЫҰ мүше болуын және бұл шараны барлық мүше елдер құптаған маңызды кезең деп сипаттап: «Осы ұйымға қосылғаннан бері Ислам республикасы тарапынан құнды әрі бастаушы ұсыныстар жасалды»,-деп айтты.

Чжан Мин ұйымның барлық мүшелер, соның ішінде Иран үшін тиімділігін арттыруды біздің басты мақсаттарымыздың бірі деп атап: «Ұйым шеңберіндегі келісімдер мен ынтымақтастық құжаттары операциялық жоспарларды әзірлеуді және жүзеге асыруды талап етеді. Осыған байланысты біз ұйымның құрылымдарын жаңартуға ұмтылудамыз және Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігімен тұрақты және сындарлы өзара әрекеттестік орнаттық»,- деп мәлімдеді.