Лариджани: Халебтің азат етілуі аймақ дағдарысын шешу үшін жаңа жол ашады
(last modified Wed, 14 Dec 2016 16:31:04 GMT )
Жел 14, 2016 22:31 Asia/Almaty
  • Лариджани: Халебтің азат етілуі аймақ дағдарысын шешу үшін жаңа жол ашады

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Халебтің азат етілуін аймақ дағдарысын шешу үшін жаңа жол ашады деп бағалады.

"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани мәжілістің бүгін, сәрсенбі күнгі ашық отырысында Сирияның Халеб қаласын азат етудегі жеңіске сілтеме жасап: «Сирияның Халеб қаласын азат ету Ирактың Мосул қаласын азат етудің кіріспесі болады. Осы табыстар аймақ дағдарысын шешу үшін жаңа жол ашуы керек» деді.

Лариджани Сирия мен Ирак халқын лаңкестермен шайқастағы табыстарымен құттықтап, лаңкестерге қарсы  Ирак пен Сирия халқының түпкі жеңісінде мәжілістің Иран халқының қолдауын жариялайтынын қуаттады.

Ол АҚШ пен Батыстың Сирия, Ирак, Ливия және Йемендегі қитұрқы саясатының сәтсіздігіне тоқталып: «Аймақтағы қарсыласу өзегі Батысқа тәуелді лаңкестерді кері шегінуге мәжбүрледі»  деді.

Иран мәжілісінің төрағасы сондай- ақ АҚШ пен Ұлыбритания басшыларының аймақта үрей- қорқыныш тудырудағы мақсатын қару нарығын қыздыру және әлемдік қоғамдық пікірді Батыстың аймақтағы сәтсіздікке ұшыраған авантюристік әрекеттерінен алдарқату  деп атады.