Ислам революциясының жетекшісі аятолла Ваэззаденің қазасына байланысты көңіл айтты
(last modified Mon, 19 Dec 2016 08:30:25 GMT )
Жел 19, 2016 14:30 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі аятолла Ваэззаденің қазасына байланысты көңіл айтты

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи парасатты ғалым әрі ағартушы, діни қайраткер марқұм аятолла Ваэззаде Хорасанидің қазасына байланысты көңіл айтты.

Хазірет аятолла Хаменеидің аятолла Ваэззаде Хорасанидің қазасына байланысты көңіл айту хатында былай деп жазылған: «Бұл ағартушы діни қайраткер фикх, хадис және реджал сынды ислам ілімдерін осы саланың ең мықты ұстазы марқұм аятолла Бруджердиден үйренген, жігерлі әрі жан-жақты ерлердің бірі болған. Ол өзінің берекелі өмірін Құран ілімі, тарих және шешендік өнердегі зерттеулерге арнаған. Бұл кісінің кейбір салалардағы қолжазба еңбектері мен зерттеулері дін ғылымы салаларындағы үздік ғылыми жетістіктердің қатарына жатады. Алла қаласа, аталмыш еңбектер Ислам әлемінде тұрақты түрде қолданысқа ие болады», - деді.

Мұсылман ғалымдары одағы төрағасының орынбасары және Діндерді жақындастыру дүниежүзілік ассамаблеясы Жоғарғы кеңесінің мүшесі аятолла Мохаммад Ваэззаде Хорасани сенбі күні тоқсан бір жасында дүниеден озды.