Түркия армиясының үш әскериі өлтірілді
Нау 03, 2016 20:04 Asia/Almaty
Түркия әскерилері мен осы елдегі Күрдістан жұмысшы партиясы мүшелері арасындағы қарулы қақтығыстарда Түркия армиясының үш әскериі мен аталмыш партияның 8 мүшесі қаза болды.
ИРНА-ның хабарлауынша, Түркия армиясының штабы осы хабарды жариялап, қақтығыстың Мадрин облысына қарасты «Даргчит» аймағында орын алғанын, сол аймақтағы қақтығыстардың жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Түркияның күрдтер тұратын шығыс және оңтүстік- шығыс аймақтары осыдан шамамен жеті айдан бері Түркияның үкіметтік күштері мен Күрдістан жұмысшылары заңсыз партиясының мүшелері арасындағы қанқұйлы қақтығыстардың сахнасына айналып отыр.
Тегтер