Лариджани имам Хомейнидің жоғары мақсаттарына көңіл бөлу қажеттілігін қуаттады
(last modified Mon, 01 Feb 2016 09:12:31 GMT )
Ақп 01, 2016 15:12 Asia/Almaty
  • Лариджани имам Хомейнидің жоғары мақсаттарына көңіл бөлу қажеттілігін қуаттады

Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Иранның Ислам Республикасы жүйесінің іргетасын қалаушы имам Хомейнидің жоғары мақсаттарына Ислам революциясының айбынының негізг өзегі ретінде көңіл бөлу қажеттілігін қуаттады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани бүгін, дүйсенбі күні өткен отырыста Ислам революциясының «Фаджр» онкүндігінің келуімен құттықтап: «Иран халқы қазіргі таңда имам Хомейнидің жоғары мақсаттарына көбірек көңіл бөлуді қажет етеді. Иран халқы Ислам революциясы құдыретінің исламдық үмбеттің бірлігінің негізгі себебі екенін білуі керек. Бүгін имам Хомейнидің Иранға оралған күні Иран халқының ой-пікірі мен ғамалдарында күрделі өзгерістер орын алды. 10 күннің ішінде Ислам революциясы қарсылас топтардың арасынан өтіп, Иран халқы 22-ші бахманда (1979-ші жылдың 11-ші ақпан күні) АҚШ және Иранның басқа дұшпандарының әрекеттеріне қарсы тұрып, Ислам революциясы жеңіске жетті»,- деді.

Бүгін 12-ші бахман (1-ші ақпан) – Иран Ислам революциясының «Фаджр» онкүндігінің бірінші күні.

Осыдан 37 жыл бұрын дәл осындай күні, яғни хиджри шамси күнтізбесінің 1357-ші жылының 12-ші бахманында (1979-ші жылдың ақпан айы) Ислам революциясының көсемі әрі Иран Ислам республикасының іргетасын қалаушы имам Хомейни 15 жыл қуғыннан кейін исламдық Иранға қайтып оралды.