Амоли Лариджани: Сирия бұдан былай лаңкестер үшін қауіпсіз емес
Иран Сот билігінің төрағасы Сирияның бұдан былай лаңкестер мен олардың аймақтық және аймақтан тыс демеушілері үшін қауіпсіз еместігін мәлімдеді.
Иран Сот билігінің төрағасы аятолла Садық Амоли Лариджани Батыс елдерінің аймаққа қатысты шындықтарды бұрмалап көрсетуіне сілтеме жасап: «Батыс мыңдаған шақырым қашықтықтан адамдарды лаңкес ретінде Таяу Шығыс аймағына жіберіп, оларды қолдап отыр. Аймақтағы кейбір ескішіл елдер де ұзақ уақыттан бері мемлекеттердің арасына жік салып, лаңкестерді Сирия мен Ирак халқына қарсы соғыстырып отыр» деді.
Аятолла Садық Амоли Лариджани Батыс елдерінің аймақ шындықтарын бұрмалап көрсетіп қазір адам құқығын қорғау туралы уәж айтып отырғандарын, Батыс елдерінің лаңкестерге қатынас көрсетуде лаңкестерді жақсы мен жаманға бөлетінін қуаттап: «Батыс елдерінің лаңкестерді қолдауы әлемде адам құқығы бойынша жаман үндеуге ие. Адам құқығы бүгінде аймақ пен әлемдегі кейбір елдерге қысым жасаудың құралына айналды» деді.