Иран Түркиядағы Ресей елшісіне қарсы жасалған лаңкестік әрекетті айыптады
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Түркиядағы Ресей елшісіне қарсы жасалған лаңкестік әрекетті айыптады.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Бахрам Ғасеми Ресей халқы мен үкіметіне және қайтыс болған дипломаттың отбасына көңіл айтып, бұл әрекетті жабайылық деп атап: «Бұл қылмыс экстремистік және тәкфіршіл ағымдарға қарайтын лаңкестердің ешбір халықаралық заңдар мен құқықтарға бағынбайтындықтарын және елдердің арасында қайшылықтар тудырып, аймақта бейберекеттіктер мен тұрақсыздық орнату үшін кез келген айуандық әрекетті іске асыратындықтарын көрсетті»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы бұл заманауи ғасырдың жиіркеншті әрі сұм құбылысы – лаңкестікпен күресу үшін әлем халықтары мен үкіметтерінің ынтмақтастық жасауын, лаңкестікті жаман мен жақсыға бөлмей, онымен бірауыздан күресіп, сонымен бірге лаңкестік пен экстремизмге қарсы екіжүзділік танытуды тоқтату қажеттігін қуаттап: «ИИР бұл сұм құбылысты тамырымен жойғанша аймақ пен әлемнің үкіметтері мен халықтарының қасынан табылады»,- деді.