Рухани: Көршілес елдермен жақын байланыс – Иранның сыртқы саясатының қағидасы
https://itolqyn.com/news/iran-i21454
ИИР президенті: «Иранның сыртқы саясаты қағидаларының бірі көршілес елдермен, соның ішінде Орталық Азия елдері және Кавказ аймағымен жақын байланыс орнату болып табылады» деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 25, 2016 12:07 Asia/Almaty
  • Рухани: Көршілес елдермен жақын байланыс – Иранның сыртқы саясатының қағидасы

ИИР президенті: «Иранның сыртқы саясаты қағидаларының бірі көршілес елдермен, соның ішінде Орталық Азия елдері және Кавказ аймағымен жақын байланыс орнату болып табылады» деді.

ИИР президенті Хасан Рухани жұма күні кешке Армения, Қазақстан және Қырғызстанға жасаған ресми сапарынан оралған соң Теһранда сөйлеген сөзінде: «Аймақтың бүгінгі жағдайында Иранның аймақ елдері және көршілерімен қарым- қатынасы неғұрлым жақынырақ, кеңесулері көбірек және жоспар құрулары нақтырақ болса, соғұрлым түйткілдерге қарсы төзімдірек болады» деді.

Рухани Иранның Армения, Қазақстан және Қырғызстанмен Еуразиялық Одақтың мүшелері ретінде байланысын кеңейту қажеттілігіне сілтеме жасап: «Осы сапар барысында Иран мен Еуразия Одағының байланыстарын тарифтер және сауда- саттық негізінде кеңейту және Иранның осы одаққа мүшелігі негізінде кеңесулер өтті» деді.

Иран президенті байланыстарды кеңейту негізінде кәсіпкерлер мен экономика белсенділері үшін жеңілдіктер беру қажеттігі мен көршілес елдермен жан-жақты ынтымақтастықтар жасауды қуаттап: «Армения, Қазақстан және Қырғызстанға жасаған сапарда кәсіпкерлер, инвесторлар мен халықтың оңай қатынауы үшін виза режимін жеңілдету туралы сұхбаттастық" деді.