Сардар Ибн ар-Реза: Дұшпанға қатаң жауап береміз
ParsToday – Иран Қарулы күштерін қолдау және қорғаныс министрлігінің уақытша басшысы Түркия Қорғаныс министрі Яшар Гүлермен телефон арқылы сөйлесуінде Иранның заңды қорғаныс құқығы шеңберінде қатаң жауап беруін баса айтты.
ParsToday хабарлауынша, сардар Сейед Мәжид Ибн ар-Реза аймақтағы сионистік режимінің арандату және соғысшылдық әрекеттеріне сілтеме жасап, Америка мен сионистік режимінің Иран Ислам Республикасына қарсы екі кезеңді соғыс және шабуылын халықаралық құқық және нормаларға қайшы деп бағалап, Иранның заңды қорғаныс құқығы шеңберінде қатаң жауап беруін баса айтты.
Ол былай деп мәлімдеді: «ИИР Америкаға сенбеуіне және сенімсіздігіне қарамастан, өзіне жақсы ниетті дәлелдеу және аймақ елдеріне құрмет көрсету үшін келіссөздерге келісіп, дипломатия және сөйлесу құралдары арқылы соғыстың көлеңкесін аймақтан алып тастауға тырысты, бірақ АҚШ пен сионист режимінің әскери шабуылы Иран Ислам Республикасына өзін қорғаудан басқа жол қалдырмады».
Сардар Ибн ар-Реза соңғы оқиғалар Америка үшін тек сионистік режимі маңызды екенін көрсеткеніне тоқталып: «Иран әрине бар күшімен шабуыл жасаушыларды толық жазалаумен, тиімді тежеу құрумен және соғыс пен шабуылдың қайталанбауына сенімділік берумен жалғастырады» деп баса айтты.
Түркия Қорғаныс министрі де Иран жетекшілігі мен басқа қорғаныс және әскери лауазымды тұлғалардың шәһид болуына көңіл айтып, Иранға шабуылды халықаралық құқықтың ауыр бұзылуы деп бағалады.