Пезешкиан: Аймақтағы шиеленісті азайту үшін елдер агрессорлармен ынтымақтаспауы қажет
https://itolqyn.com/news/iran-i83096-Пезешкиан_Аймақтағы_шиеленісті_азайту_үшін_елдер_агрессорлармен_ынтымақтаспауы_қажет
ParsToday - ИИР президенті аймақтағы шиеленісті азайтуды елдердің агрессорлармен ынтымақтаспауымен  байланыстырды.
(last modified 2026-03-10T13:23:18+00:00 )
Нау 10, 2026 16:41 Asia/Almaty
  • Пезешкиан: Аймақтағы шиеленісті азайту үшін елдер агрессорлармен ынтымақтаспауы қажет

ParsToday - ИИР президенті аймақтағы шиеленісті азайтуды елдердің агрессорлармен ынтымақтаспауымен  байланыстырды.

ParsToday-дің Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Иран президенті Масуд Пезешкиан мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған дүйсенбі күні кешке телефон арқылы сөйлесіп, Америка мен сионистік режимнің Иранға қарсы әскери агрессиясынан кейін аймақтағы өзгерістер және оның аймақтық және әлемдік салдары туралы пікір алмасты.

Бұл сұхбатта сионистік режим мен АҚШ үкіметінің ИИР мен көршілері арасында алауыздық тудыруға бағытталған әрекеттеріне және олармен байланысты БАҚ-тың Иран дос және бауырлас Түркия еліне зымыран шабуылдарын жасады деген айыптауларына сілтеме жасай отырып, Пезешкиан былай деді: «Егер көршілеріміздің әуе кеңістігі, топырағы мен сулары Иран халқына шабуыл жасау үшін пайдаланылмаса Иран Ислам Республикасы әрқашан аймақтағы шиеленісті азайтуға дайын екенін мәлімдеп келеді».

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған да осы телефон әңгімесінде Түркия үкіметінің аймақтағы шиеленісті азайтуға бағытталған күш-жігеріне тоқталып: «Біз әрбір мүмкін жағдайда Иран істеріне араласудың қабылданбайтынын және аймақтық елдер арасындағы шиеленістің артуы көршілес елдердің де, Иранның да ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келмейтінін мәлімдедік», - деді.

Түркия президенті: «Біз Иранмен ешқандай жолмен қақтығысуды ешқашан ойламаймыз және Ирандағы қиын жағдайларды түсінеміз және аймақтағы шиеленісті азайту үшін Түркия үкіметінің мүмкіндігінше қатысуға дайынбыз», - деп баса айтты.