ИИР-ның діни қолбасшысы сайланған аятолла Сейед Моджтаба Хаменеидің қысқаша өмірбаяны
https://itolqyn.com/news/iran-i83066-ИИР_ның_діни_қолбасшысы_сайланған_аятолла_Сейед_Моджтаба_Хаменеидің_қысқаша_өмірбаяны
ParsToday - Иранның Діни жетекші Хобреган кеңесінің мүшелері аятолла Сейед Моджтаба Хаменеиді Иран Ислам Республикасының діни басшысы етіп тағайындады.
(last modified 2026-03-09T15:09:51+00:00 )
Нау 09, 2026 04:20 Asia/Almaty
  • ИИР-ның діни қолбасшысы сайланған аятолла Сейед Моджтаба Хаменеидің қысқаша өмірбаяны

ParsToday - Иранның Діни жетекші Хобреган кеңесінің мүшелері аятолла Сейед Моджтаба Хаменеиді Иран Ислам Республикасының діни басшысы етіп тағайындады.

Аятолла Сейед Моджтаба Хаменеи 1970 жылы Мешхед қаласында дүниеге келген. Ол «Алави» мектебінде оқыған,  оның шәһид болған әкесі және аятолла Махмуд Хашими Шахруди оның алғашқы діни ұстаздары болды.

17  жасында Моджтаба Хаменеи майданға барып, Тегеранның «Мұхаммад Расуллаһ» 27-ші әскерінің «Хабиб ибн Мазаһир» взводына қосылды. Ол «Бейт аль-Муқаддас» 2, 3, 4, «Валфаджр» 10 және «Мирсад» операцияларына қатысты.

1999  жылы Хаменеи діни білім алу үшін Құм қаласына барып, аятолла Мұхаммадтақи Мәсбах Язди, аятолла Мохсен Хорази және аятолла Лұтфалла Сафи Голпайганидің сабақтарына қатысты. Соңғы жылдары ол Құмда діни сабақтар берді.

1999 жылы ол Захра Хадададелмен үйленді, олардан Мұхаммадбакир, Мұхаммад Амин және Фатима есімді екі ұл мен бір қызы бар. Моджтабаның Хаменеидің әйелі 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған әскери шабуылы кезінде шәһид болды.