Аятолла Сейед Моджтаба Хұсейни Хаменеи ИИР-ның діни қолбасшысы болып сайланды
https://itolqyn.com/news/iran-i83064-Аятолла_Сейед_Моджтаба_Хұсейни_Хаменеи_ИИР_ның_діни_қолбасшысы_болып_сайланды
Діни жетекшінің Хобреган кеңесі көпшілік дауыспен аятолла Сейед Моджтаба Хұсейни Хаменеиді ИИР-ның үшінші діни қолбасшысы ретінде сайлады.
(last modified 2026-03-09T15:09:51+00:00 )
Нау 09, 2026 03:13 Asia/Almaty
  • Аятолла Сейед Моджтаба Хұсейни Хаменеи ИИР-ның діни қолбасшысы болып сайланды

Діни жетекшінің Хобреган кеңесі көпшілік дауыспен аятолла Сейед Моджтаба Хұсейни Хаменеиді ИИР-ның үшінші діни қолбасшысы ретінде сайлады.

Діни жетекшінің Хобреган кеңесінің Иран Ислам революциясының үшінші жетекшісін сайлау туралы мәлімдемесінің мәтіні:

بسم الله الرحمن الرحیم

 

Исламдық Иранның ұлы және азат халқына сәлем және Алланың сәлемімен

Діни жетекшінің Хобреган кеңесі ұлы имам аятолла Хаменейдің (оның рухы тыныш болсын) және басқа да қадірлі шәһидтердің, әсіресе жоғары лауазымды қолбасшылар мен қаһармандық күштердің мүшелерінің және Минаб қаласындағы «Шаджарат ат-Тайиба» мектебінің оқушыларының қаза болғанына  көңіл  айтады және АҚШ пен Израильдің қасақана жасаған әскери әрекеттерді кеңінен айыптайды. Кеңес, Ислам революциясының дана және білімді көшбасшысының шәһид болғаны туралы хабарландырылғаннан кейін, соғыс жағдайындағы қиындықтар мен осы ұйымға қарсы жаудың тікелей қауіптері мен кеңселеріне оқ атқыланып, бірнеше қызметкерлері мен күзетішілері қаза болғанына қарамастан, Ислам республикасының көшбасшысын таңдау және таныстыру процесінде бірде-бір секундқа да тоқтамады. Конституция және ішкі қағидаларға сәйкес, олар үкіметтегі басшыны тағайындау үшін дайындықтар мен шаралар қабылдады. Осыған орай, елдің әртүрлә аймақтарындағы кеңес мүшелерінің жиналуы үшін тиісті жоспарлар жасалды. Конституцияның 111-ші бабы бойынша, елде басшылық тоқтамас үшін уақытша кеңес құрылды. 

Кеңес Заман Имамының (ғ.с.) ғайбат кезіндеші діни биліктің жоғары мәртебесіне және Иран Ислам Республикасының жүйесіндегі діни басшылық мәселесіне маңыздылығына тоқталып, имамдардың 47 жылдық дана басшылығын, олардың елдің сенімділігі, тәуелсіздігі және күшіне негізделгенін құрметтейді. Осы рухани және халықтық көшбасшыларды еске алып, Кеңес мұқият және кең көлемді зерттеулер жүргізіп, Конституцияның 108-ші бабын пайдаланып, Құдай алдындағы парызы мен сенімдеріне сәйкес, бүгінгі үкіметтегі үшінші көшбасшы ретінде аятолла Сейед Моджтаба Хұсейни Хаменеиді таңдап, оны ресми түрде жария етеді.

Соңында, Конституцияның 111-ші бабы бойынша уақытша кеңестің мүшелеріне алғыс білдіре отырып, Иранның ұлы халқы, әсіресе діни оқу орындары мен жоғары оқу орындары ұстазары және зиялыларды басшылыққа бағынуға және біртұтастықты сақтауға шақырамыз. Сондай-ақ, осы ел мен оның ұлы халқына деген нығметі мен қамқорлығын Алладан сұраймыз.

08/03/2026