Ертең Иранның оңтүстік аймағында армия мен Сақшылар корпусының бірлескен жаттығуы басталады
https://itolqyn.com/news/iran-i21496-Ертең_Иранның_оңтүстік_аймағында_армия_мен_Сақшылар_корпусының_бірлескен_жаттығуы_басталады
Иран армиясының "Хатам ул-Әнбия" әуе қорғаныс базасының қолбасшысы Армия мен ислам революциясы Сақшылар корпусының бірлескен жаттығуының "Велаят аспанын қорғаушылар-7" деген атаумен дүйсенбі күні Иранның оңтүстік аймағында басталатынын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 25, 2016 22:10 Asia/Almaty
  • Ертең Иранның оңтүстік аймағында армия мен Сақшылар корпусының бірлескен жаттығуы басталады

Иран армиясының "Хатам ул-Әнбия" әуе қорғаныс базасының қолбасшысы Армия мен ислам революциясы Сақшылар корпусының бірлескен жаттығуының "Велаят аспанын қорғаушылар-7" деген атаумен дүйсенбі күні Иранның оңтүстік аймағында басталатынын хабарлады.

Иран армиясының "Хатам ул-Әнбия" әуе қорғаныс базасының қолбасшысы бригада генералы Фарзад Исмаили ақпарат отырысында «Осы жаттығу 5 күн бойы 496 мың шаршы шақырымнан астам аумақта өтеді. Оман теңізі мен Парсы Шығанағы және үштік аралдардағы Иранның теңізі мен әуе шекараларын қамтиды. "Велаят аспанын қорғаушылар- 7" жаттығуына армия әуе күшінің қырғи ұшақтары, соның ішінде "F4" ұшақтары қатысады» деді.