Хасан Рухани Ресей Президентіне көңіл айтты
(last modified Wed, 28 Dec 2016 06:54:07 GMT )
Жел 28, 2016 12:54 Asia/Almaty
  • Хасан Рухани Ресей Президентіне көңіл айтты

ИИР Президенті Ресей Президентіне жіберген жолдауында ресейлік азаматтардың ұшақ апатында қаза болуына байланысты көңіл айтты.

ИРНА-ның  мәліметі бойынша ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Ресей Президенті Владимир Путинге жолдауында: «Қара теңіздің үстінде ресейлік жолаушы тасымалдайтын ұшақтың құлауы және ресейлік азаматтардың қаза болуы туралы хабар өкінішке себеп болды»,- деді.

Жексенбі күні Сочи әуежайынан көтеріліп, Сирияның Латакия қаласына бет алған ұшақ Қара теңіздің үстінде апатқа ұшырап, ішіндегі 92 жолаушы қаза болды.