Иранның қорғаныс министрі: Батыстықтардың аймақтағы лаңкестікпен күрес коалициясы көзбояушылық
(last modified Wed, 28 Dec 2016 07:10:10 GMT )
Жел 28, 2016 13:10 Asia/Almaty
  • Иранның қорғаныс министрі: Батыстықтардың аймақтағы лаңкестікпен күрес коалициясы көзбояушылық

Иранның Қорғаныс министрі батыстықтардың аймақтағы лаңкестікпен күрес коалициясын көзбояушылық деп атады.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Қорғаныс министрі Хосейн Дехқан «Ресей әл-Яум» арнасына берген сұхбатында батыстықтардың аймақтағы лаңкестікпен күрес коалициясын көзбояушылық деп атап: «Олар Ирак пен Сириядағы лаңкестікпен күресуді мақсат етпейді. Иранның бұл салада АҚШ-пен ешқандай ынтымақтастығы жоқ»,- деді.

Хосейн Дехқан Сириядағы атыс тоқтату бітімінің ДАИШ пен Фатх әш-Шам (Джебхат ан-Носрат)  топтарына қатысы жоқтығын мәлімдеп: «Барлық тараптар лаңкестерге саяси, қаржы және әскери көмектерін тоқтауға міндетті. Егер Дамаск Түркия күштерінен Сирияның солтүстігінен кетуді  сұраса, Түркия өз күштерін шығаруы керек»,- деп қуаттады.

Иранның Қорғаныс министрі сонымен бірге қажет жағдайда Иранның Сирия армиясына кеңес беретінін мәлімдеді.