Иран Ауғанстандағы есірткі өндірісінің артуына қарсы күреске ден қойды
Иранның әскери күштерінің есірткімен күрес полициясының барлау және амалдары бөлімі басшысының орынбасары Иранның шығыс шекараларына ден қойып, Ауғанстандағы есірткі өндірісінің артуына қарсы күреске дамыған қаруларды пайдаланытыны туралы мәлімдеді.
Иранның әскери күштерінің есірткімен күрес полициясының барлау және амалдары бөлімі басшысының орынбасары Маджид Карими бейсенбі күні Иран теледидарының екінші арнасына берген сұхбатында: «2016-шы жылы Ауғанстанда есірткі өндірісі артып, БҰҰ оның мөлшерін шамамен 5600 тонна деп жариялады. Бұл есірткінің шамамен 35 пайызы Ираннан өтеді. ИИР осы кезге дейін есірткімен күрес жолында 3700 азаматынан айырылып, 12000 адам жарақат алды. Өткен тоғыз айда Иранда 514 тонна есірткі табылды. 2015-ші жылмен салыстырғанда бұл мөлшер 15 пайызға көбейді»,- деді.