Шетелдік елшілер мен әскери өкілдері Иранның Сақшылар Корпусының көрмесін аралады
Шетелдік елшілер мен әскери өкілдері Иранның Сақшылар Корпусының күш-қуатын көрсететін көрмені аралап, бұл корпустың Хатам ул-Әнбия базасының исламдық Иранды алға ілгерілету саласындағы іс-әрекеттерімен жақыннан танысты.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, шетелдік елшілер мен әскери өкілдері «Мұнай, газ және мұнай-химия», «Порттар мен жағалау құрылымдары», «Кен», «Құрал-жабдықтарды жаңарту», «Қарым-қатынас және ақпараттандыру технологиясы», «Транспорт пен коммуникация, «Жаңа энергиялар», «Арнайы ғимараттар» және «Су мен қуат» бөлімдерін аралап, Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының Хатам ул-Әнбия базасының әртүрлі салалардағы ұлттық жобаларды іске асыруға қатысуымен танысты.
Сақшылар корпусының көрмесін аралаған шетелдік қонақтардың ішінде Ирандағы Оңтүстік Корея елшісі мен Сирия, Әзірбайжан, Польша, Украина, Қазақстан, Пәкістан, Үндістан, Индонезия, Түркия елдерінің әскери өкілдері мен Венесуэла елшісінің уақытша сенімді өкілі және Италия елшісінің көмекшісі болды.