Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері: «1365 жылдың дей айының он тоғызы күні (1978 жылдың қаңтар айының тоғызы) орын алған Құм қаласы тұрғындарының көтерілісі Ислам революциясының екінші кезеңінің басы мен Иран халқы бірлігінің нышаны болды»,- деді.
Аятолла сейед Ахмад Хатами осы аптадағы Теһран жұма намазы құтпаларында дей айының тоғызы мен он тоғызы аралығында өтетін қырағылық онкүндігіне (1388 жылдың дей айының тоғызы мен 1365 жылдың дей айының он тоғызы күнгі Құм қаласы тұрғындарының Ислам революциясына ұластырған кезеңдегі көтерілістері) сілтеме жасап: «Аталмыш екі оқиға ұлттық қырағылық пен бірліктің және Ислам революциясы мен Иран халқын қорғаудың нышаны болды»,- деді.
Құм тұрғындары, діни семинарияның оқытушылары мен шәкірттері 1978 жылы дей айының он тоғызы күні Пехлеви режимі имам Хомейниді (р.) қорлағаны үшін наразылық білдіріп, көтеріліске шыққан. Бұл көтеріліс барысында Пехлеви режимінің қауіпсіздік күштері наразылық білдірушілердің көпшілігін өлтірді.
Аятолла сейед Ахмад Хатами 1388 жылғы дей айының тоғызы күнгі оқиғаны (2009 жыл желтоқсанның отызы) он тоғызыншы дей көтерілісін толықтыратын оқиға деп атап: «Дей айының он тоғызы күні орын алған көтеріліс Құм тұрғындарының велаяте факиһ билігіне қолдау көрсеткені болып табылады. Бұл қырағылық 1388 жылғы дей айының тоғызы күнгі оқиғамен толықтырыла түсті»,- деді.
Жеті жыл бұрын Иран халқы 2009 жылдың желтоқсан айының отызыншы жұлдызында қоғамда құрылымды бұзушылардан безетіндіктерін жариялау арқылы Иран Республикасының президенті сайлауының оныншы кезеңінде жалған әрекеттер орын алды деген сылтауымен қате жолды таңдаған бүлікшіл күштерге кесімді жауап берген болатын.
Теһран жұма намазының құтпагері сондай-ақ аймақтағы, соның ішінде Сирия, Ирак, Йемен мен Бахрейндегі өзгерістерге сілтеме жасап: «Сирияның Алеппо қаласындағы қарсыласудың жеңіске жететіндігі жайлы илаһи уәде секілді Ирактың Мосул қаласындағы ДАИШ лаңкестік тобымен күресіп жатқан Ирак әскері мен халықтық күштері де көп ұзамай жеңіске жетеді»,- деді.