Лариджани: Әскери бағыттың кезеңі аяқталды
https://itolqyn.com/news/iran-i2281
Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы: «Саяси қақтығыстар келіссөздер арқылы шешіледі, әскери бағыт ұстанудың кезеңі аяқталды. Енді нәтижеге жеткізбейді»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 07, 2016 14:02 Asia/Almaty
  • Лариджани: Әскери бағыттың кезеңі аяқталды

Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы: «Саяси қақтығыстар келіссөздер арқылы шешіледі, әскери бағыт ұстанудың кезеңі аяқталды. Енді нәтижеге жеткізбейді»,- деді.

Иран Телерадио бірлестігінің мәліметінше, Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні Теһранда Мальта Сыртқы істер министрі Джордж Велламен кездесуінде: «Иранның яролық мәселесінің келіссөздер арқылы шешілгені сынды аймақтағы мәселелер мен қақтығыстарды да келіссөздер арқылы шешуге болады»,- деді.

Мальта Сыртқы істер министрі Джордж Велла да бұл кездесуде Еуроодақ пен Иранның аймақ пен халықаралық қайшылықтарды шешу саласындағы ынтымақтастықтарын арттыру қажеттілігіне тоқталып: «Иранның аймақ пен аймақтан тысқарыдағы рөлі Еуроодаққа мәселелерді шешіп, қауіпсіздік орнатуға көмектесе алады»,- деп қуаттады.