Революцияның мәртебелі жетекшісі: Британдықтар Ирак пен Сирияны, Йемен мен Ливияны бөлшектеуді көздеуде
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі тәуелсіз әрі алға ілгерілеп келе жатқан Иранның негізгі жауларын АҚШ пен Ұлыбритания және халықаралық плутократия мен сионистер деп атады.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Құм қаласының мыңдаған тұрғынын қабылдауда шетелдік негізгі жауларды ұран емес дәйекті дәлелдерге негізделген шындық деп атап: «АҚШ-тың "мінезі жақсы" саналатын Мемлекеттік хатшысы өзінің қоштасу хатында келесі үкіметке "Иранға қатаң қараңдар және санкцияларды сақтаңдар, өйткені қаталдықтың арқасында Ираннан ұпай алуға болады" деген кеңес айтты. Осы күлімсіреген дұшпанның Иранды содырлықтың өзегі деп атайтын дұшпаннан еш айырмашылығы жоқ» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сондай- ақ британдықтардың дұшпандығы туралы: «Байырғы отаршыл ел – Ұлыбритания қазір тағы да Парсы Шығанағына келіп, осы аймақтағы елдерді пайдалану арқылы өз мүддесіне қол жеткізуді мақсат етіп отыр. Сол себепті өзі шынайы қоқан-лоққы бола тұра, «Иран қоқан-лоққы» деген уәж айтуда.
Британдық орталықтар аймақ елдері мен Иран үшін жоспар құрып, шешім қабылдап жатыр. Олардың мақсаттарының бірі Ирак, Сирия, Йемен және Ливияны бөлшектеу болып табылады. Иранға қатысты да осындай ниеті бар, бірақ Иранның қоғамдық пікірінен қатты қорқатындықтан, оны тілге тиек етпейді.
Британдықтар "Ортақ қадам" келісімінен кейінгі шектеулер мен санкцияларға жоспар құруда. Сондай-ақ аймақтағы, соның ішінде жергілікті халықты үйретіп, қаруландыру арқылы соларды исламдық жүйе мен халыққа айдап салуды жоспарлауда» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи америкалық және британдық делегациялардың саяси дінге тосқауыл қоюға және дінді саясаттан бөлуге жоспар құрып жатқанына сілтеме жасап: «Олар мешіттің бұрышы мен үй ішіндегі және адамдардың тек ішкі жан дүниесіндегі дінді қалайды. Экономика мен саясатқа іс жүзінде қатысатын және дұшпанның айтқанына көнбейтін дінді қаламайды» деді.
Революцияның мәртебелі жетекшісі дұшпанның үкіметі, экономикасы, билігі, саясаты, армиясы мен қаржылай және мекемелік жүйесі бар діннен қорқатынын, сондықтан түзу діни таным бойынша діннің тіршілік пен саясаттан бөлек еместігін қуаттады.
Хазірет сондай-ақ дұшпанның Иран халқын дұрыс танымағанына сілтеме жасап, 88- ші жылғы бүлікті дұшпанның есептеудегі қателіктерінің үлгісі санап: «Дұшпан 88- ші жылы бүлік шығарып, іс насырға шапты деп ойлады, бірақ кенеттен 56-шы жылғы дей айының он тоғызы күнгі әрекет сынды дей айының тоғызы күнгі жалпы әрекет баршаны тамсандырды» деді.
Құм қаласының мыңдаған тұрғыны Құм халқының 1356 жылдың дей айының он тоғызы күнгі тарихи көтерілісінің 39-шы жылдығымен орайлас революцияның мәртебелі жетекшісімен кездесті.