Аятолла Рафсанджани қайтыс болды
Иран Ислам Республикасының Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Акбар Һашеми Рафсанджани ислам мен революцияны ілгерілету жолындағы үздіксіз күрестері мен талпыныстардан кейін көз жұмды.
Аятолла Һашеми Рафсанджани жексенбі күні түнде жүрек талмасына ұшырады. Дәрігерлердің ол кісіні құтқару бағытындағы талпыныстары еш нәтиже бермеді.
Һашеми Рафсанджани жастық шағынан бастап діни семинарияда дін ғылымдарын үйреніп, иджтихад дәрежесіне жетті.
Ол кісі 1958 жылдан бері Иранның ислам революциясының салтанатты жеңісі кезеңіне дейін күрескерліктің барлық сахналарында айтарлықтай құзырға ие болды. 1958 жылдан 1979 жылдардағы үздіксіз құрықтаулар аятолла Һашемидің имам Хомейнидің жетекшілігіндегі ислам қозғалысын жалғастырудағы жігерін мұқалта алмады.
Аятолла Һашеми Рафсанджани Иран Ислам Республикасының президенті, Эксперттер мәжілісінің төрағасы, Ислам Кеңесі мәжілісінің төрағасы, Қарулы күштер қолбасшысының орынбасары, Қорғаныстық Жоғарғы кеңестің төрағасы, Иран Ислам республикасының Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы міндеттерін атқарды.