Иранның билік басшылары аятолла Хашеми Рафсанджанидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
ИРИ-ның үш билігі жүйесінің басшылары мен саяси қайраткерлері аятолла Хашеми Рафсанджанидің қайтыс болуына байланысты халыққа көңіл айтты.
ИРИ Телерадио бірлестігінің жексенбі күнгі кешкі хабарлауы бойынша, Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани аятолла Хашеми Рафсанджанидің қайтыс болуына байланысты халыққа көңіл айтып: «Ислам баға жетпес байлығынан, Иран ұлы әміршісінен, Ислам революциясы батыл ту көтерушісінен, ал мемлекеттік жүйе теңдесі жоқ данышпанынан айрылды»,- деді.
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани имам мен жетекшінің ескі досы аятолла Хашеми Рафсанджанидің көз жұмуына байланысты көңіл айтып: «Сонау соғыс пен бүлік жылдарында заң шығарушы билік ауыр жауапкершілікті өз мойнына алды. Дұшпанның әскери қысымы мен санкциялары жағдайында соғыс майдандарындарын басқару қиын іс еді. Сол қиындықтарға Хашеми секілді батырлар төтеп берді»,- деп мәлімдеді.
Иран Сот билігінің төрағасы өз жолдауында аятолла Акбар Хашеми Рафсанджанидің қазасына байланысты көңіл айтып, ол кісіні ревоюлициядан кейінгі ең ықпалды тұлғалардың бірі деп атады.
Иран Революция жетекшісінің Эксперттер кеңесінің басшысы аятолла Джаннати, Иранның Конститутциялық кеңесінің мүшелері, Иран Қарулы күштері бас штабының қолбасшысы сардар Мұхаммад Хосейн Бағери, Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф пен Ақпарат министрі Сейед Мохаммад Алави, Иранның Атом қуаты ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехи де өздерінің жолдауларында Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы имам Хомейни мен революцияның мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеидің ескі досының қайтыс болуына байланысты мәртебелі жетекшіге, Иран халқы мен марқұмның отбасына көңіл айтты.