Жетекші көзқарасы: АҚШ пен Ұлыбританияның аймақты бөлшектеу мақсаттарына қатысты қырағылық танытқан жөн
1356 жылдың дей айының он тоғызы күнгі көтерілістің (1978 ж қаңтар) жылдығы мен хазірет Фатима Масуменің (ғ.) қаза болғанының жылдығы қарсаңында Құм қаласының мыңдаған тұрғыны жексенбі күні таңертең Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеимен кездесті.
Хазірет аятолла Хаменеи бұл кездесуде дұшпандардың Иран Ислам Республикасының ұлттық күш-қуатының элементтерін жоюға бағытталған әрекеттеріне сілтеме жасап, негізгі сыртқы дұшпандардың болуын жай ұран ғана емес, керісінше дәлелденген шындық деп атады. «АҚШ-тың «әдепті» Мемлекеттік хатшысы өзінің қоштасу хатында келер үкіметке қолдан келгенше Иранға қатаңдық танытып, санкцияларды сақтап қалуды ұсынған. «Себебі қатаңдық таныту арқылы Ираннан ұпай алуға болады». Сонда бұл дұшпан емес пе?
Сонымен қатар, хазірет аятолла Хаменеи Ұлыбританияның дұшпандығы жайлы: «Аймақ елдерін пайдалана отырып, өзінің ашкөз мүдделеріне қол жеткізу үшін қалжырап қартайған отаршыл тағы да Парсы шығанағына келді. Дәл осы мақсатта Ұлыбритания өзі шынайы қауіп бола отырып, «Иран қауіп-қатер төндіреді» деген уәж айтуда»,- деді. Сондай-ақ хазірет аймақта орын алған отаршылдық оқиғаларына сілтеме жасап: «Британдықтар аймақ елдері мен Иранға қарсы астыртын жоспарлар құруда. Солардың бірі Ирак, Сирия, Йемен мен Ливияны бөлшектеу болып табылады»,- деп баса айтты.
Революцияның мәртебелі жетекшісінің кешегі сөздері аймақ елдерін бөлшектеуді көздеген билікқұмар елдердің жоспарларының жасырын тұстарын тану мәселесіне қатысты болды. Ливия, Йемен, Сирия мен Ирак жерлерін бөлшектеуге негізделген жоспарларды жүзеге асыру, қауіпсіздік шараларын қолдану мен лаңкес топтарға қолдау көрсету қадағаланып отырған жоспарлардың бір бөлігі болып табылады. АҚШ пен Ұлыбритания жұмсақтық пен исламдық ояну ағымдарын бөлшектеу идеясына негізделген әрекеттерге қарай бағыттап, ДАИШ секілді лаңкестік топтарға қолдау көрсету арқылы тайпалық, діни және идеологиялық әрекеттер аясында аймақты бөлшектеуге итермелеуде. Олардың басты мақсаты исламдық ояну ағымын оның негізгі бағытынан тайдыру болып табылады. Бұл үстемшіл жүйенің екінші мақсаты аймақ елдерін бөлшектеп, аймақтағы жаңа жағдайда өз ықпалын күшейту болып табылады.
Аталмыш жоспарды іске асыру – АҚШ пен араласушы державалардың аймақтағы ұзақ мерзімді мақсаттары үшін өте маңызды. Себебі, басқа жағдайда исламдық ояну әсерімен олардың ықпалы азая түспек. Сондықтан да бұл астыртын әрекеттерді қадағалап отырғандар аймақтық бөлшектеуді аймақтағы қақтығыстардан құтылудың жалғыз жолы деп ұсынып отыр. Соңғы бес жыл ішінде Сирияда болған өзгерістер осы үдерістің бағытын анық көрсетеді. Сириямен қатар, бұл жоспар Ауғанстан, Ирак пен Ливияда да жүзеге асқан еді. Сондай-ақ Йеменде де осы жоспар жүзеге асырылуда. Бұл астыртын әрекеттердің соңғы мақсаты аймақта кішігірім елдер құру арқылы оның алдында сионистік режимнің құрылуы, миллиондаған палестиналықтардың басқа жаққа бас сауғалауы, жасанды шекаралар мен тайпалық және діни келіспеушіліктер тудыру салдарымен көрініс тапқан мұсылман жерлерінің бөлшектенуінің тарихи үдерісін қайталау болып табылады. Енді дәл сол билікқұмар алпауыт елдер аймақтық және бөлінушілік соғыс отын жағу арқылы өздерінің қауіпті әрекеттерінің кезекті кезеңін жүзеге асыруда. Бұл астыртын әрекеттерге қарсы тұрып, оны сәтсіздікке ұшырату үшін қырағылық танытып, дұшпанды жақсы танып-білу қажет.