Зариф: Джакарта отырысы Палестинаның мақсаттарын қолдау үшін жақсы мұрсат
https://itolqyn.com/news/iran-i2293-Зариф_Джакарта_отырысы_Палестинаның_мақсаттарын_қолдау_үшін_жақсы_мұрсат
Иранның Сыртқы істер министрі Палестина мәселесіне арналған Исламдық Ынтымақтастық Ұйымының төтенше отырысын Палестина мақсаттарын қолдау үшін жақсы мұрсат деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 07, 2016 15:30 Asia/Almaty
  • Зариф: Джакарта отырысы Палестинаның мақсаттарын қолдау үшін жақсы мұрсат

Иранның Сыртқы істер министрі Палестина мәселесіне арналған Исламдық Ынтымақтастық Ұйымының төтенше отырысын Палестина мақсаттарын қолдау үшін жақсы мұрсат деп атады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Джакартада сапармен жүрген Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Индонезияның «Metro» телеарнасына берген сұхбатында: «Джакарта отырысында басқа мемлекеттермен, соның ішінде Индонезиямен Палестина және қасиетті Құдс мәселелерін шешу туралы пікір алмасу өтеді»,- деді.

Иранның Сыртқы істер министрі Индонезияға Палестина мәселесіне арналған Исламдық Ынтымақтастық Ұйымының төтенше отырысын өткізуіне алғысын айтып: «Исламдық Ынтымақтастық Ұйымы басшылары саммитінің нәтижесі Палестина және қасиетті Құдс үшін ең жақсы нәтиже болады»,- деген үмітін білдірді.

Исламдық Ынтымақтастық Ұйымының бесінші төтенше отырысы бұл ұйымға мүше елдердің басшылары және жоғары лауазымды қайраткерлерінің, соның ішінде Иранның Сыртқы істер министрінің қатысуымен бүгін, дүйсенбі күні Джакартада өз жұмысын бастады.

«Әділ және тұрақты шешім жолын табу саласындағы бірлік» деп аталған, тек палестиналықтардың ғана емес, бүкіл әлемнің назарын аударып, Палестина мен қасиетті Құдстың алаңдатарлық жағдайына реакция ретінде өтіп жатқан төтенше отырысқа Исламдық Ынтымақтастық Ұйымына мүше 57 елдің 600-ден астам басшылары, Сыртқы істер министрлері мен өкілдері және екі халықаралық ұйым қатысуда.