Танымал діни тұлғалар аятолла Рафсанджаниды Иран Ислам революциясының тірегі деп атады
Құм қаласындағы танымал діни тұлғалары аятолла Һашеми Рафсанджаниды Иран Ислам революциясының тірегі деп атады.
Дүйсенбі күні танымал діни тұлғалардың бірі аятолла Лютфолла Сафи Гүлпайгани аятолла Һашеми Рафсанджанидың қайтыс болуына өкініш білдіріп, аятолла Һашеми Рафсанджанидың жылдар бойы өзінің мүмкіндігіне сай Ислам революциясының әртүрлі кезеңдерінде міндетін атқарғанын мәлімдеді.
Құмдағы келесі танымал діни тұлғалардың бірі аятолла Насер Макарем Ширази де өз жолдауында: «Аятолла Һашеми Рафсанджани әрқашан революция сахнасына қатысқан ақылды, батыл әрі жігерлі адам болды»,- деді. Ирандық танымал діни тұлғалардың бірі аятолла Хосейн Нури Хамедани де: «Иран халқы аятолла Һашеми Рафсанджаниды жерлеу рәсіміне қатысып, жамандық тілеушілерге бірліктерін көрсетіп, дұшпандардың үмітін үзеді»,- деді.