Иран мен Мали лаңкестікпен күрес негізінде ортақ көзқарасқа ие
(last modified Wed, 11 Jan 2017 16:04:16 GMT )
Қаң 11, 2017 22:04 Asia/Almaty
  • Иран мен Мали лаңкестікпен күрес негізінде ортақ көзқарасқа ие

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Иран мен Мали елін Таяу Шығыстағы түрлі мәселелер, әсіресе лаңкестікпен күрес тақырыбы бойынша ортақ көзқарастарға ие деп атады.

Иран мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сәрсенбі күні Мали республикасының Ұлттық жиналысының төрағасы Исака Сидибені қабылдаудан кейін Теһранда өткен ақпарат отырысында Африкадағы маңызды елдердің қатарына кіретін Малидің әрдайым Иранның назарында болғанын және өз әріптесімен келіссөзде екіжақты экономикалық байланыстарды кеңейту туралы сұхбаттасқанын айтып: «Таяу Шығыс пен ислам елдерінің дағдарыстары Палестина тақырыбының ислам әлемінің негізгі тақырыбы ретінде солғындауына себеп болып отыр» деді.

Лариджани ислам елдерінің парламентаралық отырысының Мали республикасында өткізілуіне ризалық білдіріп, ислам елдерінің парламентаралық келесі конференциясында ислам әлемінің маңызды түйткілдерін шешу үшін дұрыс шешімнің қабылдануына үміт білдірді.

Мали республикасының Ұлттық жиналысының төрағасы Исака Сидибе де ақпарат отырысында Палестина халқының қиыншылығын ислам әлемінің басты мәселесі деп атап: «Иран ислам республикасы мен Мали республикасы Палестина мәселесінде ортақ көзқарастарға ие» деді.

Мали республикасының Ұлттық жиналысының төрағасы сондай- ақ елінің БҰҰ-ның Палестинаның мазлұм халқына қарсы жасаған барлық шараларына қарсылық білдіргенін және ислам әлемі мен Палестинаның мазлұм халқымен бірге сионистік қалашықтарды өркендетуге қарсы БҰҰ-ның жуықтағы қарарын қолдағанын айтты.