Иран – геологиядан білім берудің халықаралық базасы
(last modified Thu, 12 Jan 2017 17:16:42 GMT )
Қаң 12, 2017 23:16 Asia/Almaty
  • Иран – геологиядан білім берудің халықаралық базасы

Иранның Геология ұлттық ұйымының зерттеу орталығының төрағасы Фариборз Ғариб: «Иранның әлеуеті мен халықаралық деңгейдегі лайықты ғылыми жетістіктері елімізді геологиядан білім беру үшін қолайлы базаға айналдырып отыр.

Ұлыбританияның Геология ұлттық ұйымы Ауғанстан мамандарына геологиядан білім беру ісін Теһранның батысындағы Альборз облысының Геология зерттеулері ұлттық орталығында бастады. Ұлыбританияның Геология ұйымының халықаралық бөлімінің басшысы Энтони Бенхам тіл ортақтастығы мен ортақ шекараны, геология саласындағы ортақтастықтар мен Иранның ілгерілеушіліктері және заманауи жабдықтарын осы курстарды Иранда өткізудің үш себебі деп атады" деді.

Ауғанстанның Геология ұйымының төрағасы Мұхаммад Тахер Резаидің айтуынша, Иранда геология саласы бойынша оқыту курстары Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрлігі мен Ауғанстан үкіметі арасында қол қойылған меморандум бойынша өтіп жатыр.