Теһран жұма намазының құтпагері Хашеми Рафсанджидің рөліне алғыс білдірді
(last modified Sat, 14 Jan 2017 06:36:45 GMT )
Қаң 14, 2017 12:36 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпагері Хашеми Рафсанджидің рөліне алғыс білдірді

Теһран жұма намазының құтпагері: "Марқұм аятолла Хашеми Рафсанджани Ислам революциясына дейін және одан кейін де әрдайым жастарды ойлап, шынайы Ислам мен Құран Кәрімді түсіндіруге күш салды" деді.

Аятолла Мұхаммад Имами Кашани осы аптаның Теһран жұма намазының құтпаларында: "ИИР-ның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Хашеми Рафсанджанидің қазасы Ислам революциясы мен жүйесі үшін ауыр соққы болды" деді.

Теһран жұма намазының уақытша имамы аятолла Хашеми Рафсанджиндің қайтыс болуына орай Иран халқы, Ислам революциясының жетекшісі мен марқұмның отбасына тағы да көңіл айтып: " Ислам революциясы мен жүйесін халық пен Ислам революциясы жетекшісінің ойындағыдай деңгейге жеткізу бүкіл халық, әсіресе жастар сахнаға шығуы керек" деді.

Теһран жұма намазының құтпагері Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасын ақтық сапарға шығарып салу рәсімдеріне миллиондаған адамның қатысқанына тоқталып: "Бұл құзыр ұлттық бірліктің нышаны саналып, халықтың ИИР-ның жүйе басшыларын қолдайтынын көрсетеді" деді.

Теһран жұма намазының құтпагері аятолла Имами Кашани  сонымен қатар Ирак әскерінің Мосулды лаңкестердің басқыншылығынан азат ету амалдарындағы ілгерілеушіліктеріне тоқталып: "Мосул жақында азат етіліп, Иракта тұрақты қауіпсіздік орнатылатын болады" деді.